homepage
Фото: The White House

АҚШ Украинаға қатысты бейбіт жоспарды түбегейлі жаңартты

02.12.2025, 09:02

АҚШ-тың Украинаға арналған бейбіт жоспары едәуір өзгеріп, қайта қаралғаны белгілі болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, жоспардың барлық тармақтары қағазға түсіріліп, мазмұнына айтарлықтай түзетулер енгізілген, ал нақты мәліметтерді келіссөз жүргізушілер жариялайды.

Левитт әкімшілік Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған келісімге қатысты «оптимистік» көзқараста. АҚШ тарапы соңғы апталарда жоспарды жетілдірумен тығыз айналысқанын, Дональд Трамптың өзі де процесті тікелей бақылағанын атап өтті. Оның айтуынша, украин өкілдерімен өткен келіссөздер «өте жақсы» болған, ал АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф  Ресейге жол жүрді.

Вашингтон қарашада ұсынған бастапқы бейбіт жоспар 28 тармақтан тұрған. Кейін Еуропа өз ұсыныстарын енгізгеннен кейін құжат 22 тармаққа қысқарды. 30 қараша мен 1 желтоқсанда Флоридада Украина мен АҚШ келіссөз жүргізушілері екі рет кездесіп, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгенімен, бірқатар мәселелер әлі де пысықтауды қажет ететіні айтылды.

Бүгін Стив Уиткофф Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз өткізеді деп жоспарланып отыр.