homepage
Фото: Juzmedia.kz

Өзі тапқыр, өзі көңілді: маусымның үздігі кімдер?

01.12.2025, 23:15

29 қарашада Алматыда республикалық «SUPER LIGA» ойынының финалдық бәсекесі өтіп, жеті команда әзілмен жарысты.

Қалалық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өткен ойынға Астана қаласының қос бірдей командасы қатысты. Олар, «ҚТЖ құрамасы» мен «Ассамблея» командасы. «Қазақстан КВН Одағының» ұйымдастыруымен өткен республикалық ойынға Шымкенттен де езу жиғызбас екі команда «Абырой» мен «Джеки Шаңырақ» келіп қатысқан.

Алматылық «Дилигент» пен «Көршінің қызы» командалары да бақ сынасқан финалдық бәсекеде командалар театр, эстрада, медиа, әлеуметтік желі жұлдыздарымен өнер көрсетті.

Ойынға Дархан Карипов, Мереке Қалбаева, Жалғас Елеусінов, Медет Жаңабай, Жазира Еркін сынды қонақтар қазылық етті. Сол қазылардың шешімімен жүлделі ІІІ орын астаналық «ҚТЖ құрамасына», ІІ орын алматылық «Дилигент» командасына табысталса, жүлделі І орынға «Джеки Шаңырақ» командасы лайық деп танылып, жарты миллион теңгемен марапатталды. Маусымның үздік ойыншысы болып шымкенттік «Джеки Шаңырақ» командасының ойыншысы - Мейіржан Әліхан танылды.