Түркістан облысының Алғабас ауылында шыққан өрттен ауыр жараланған 7 жастағы қыз бала қайтыс болды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ол Жетісайдан тікұшақпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Марқұмның мәйіті жедел жәрдем көлігімен ауылына жеткізіліп, бүгін жерленді. Бұл оқиғада қаза тапқандар саны осымен 10 балаға жетті.