homepage
Фото: Қайрат ФК

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері өмірден өтті

01.12.2025, 11:46

«Қайрат» ФК командасының бұрынғы бас бапкері және академияның қазіргі жетекшісі Кирилл Кекер 46 жасында өмірден өтті. Ол алматылық команданың негізгі құрамын 2022–2024 жылдары басқарды. Ал, 2025 жылы «Қайрат» академиясына жетекшілік еткен еді.

"Бұл — бүкіл клуб үшін орны толмас ауыр қайғы. Он жылдан астам уақыт «Қайрат» жүйесінің ажырамас бөлігі болып, қазақ футболының даму бағытын айқындауға атсалысқан адамның қазасы бәрімізді күйзелтті. Кирилл Сергеевич өз ісіне адал, талапшыл әрі әділ маман еді. «Қайрат» ФК Кирилл Сергеевич Кекердің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.