homepage
Фото: Aqorda

Аида Балаева Премьер-Министрдің орынбасары болды

01.12.2025, 10:20

Аида Балаева Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Балаева бұған дейін Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарды. Оған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін басқарған, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласында бірнеше жоғары қызметте жұмыс істеді.

Жаңа ведомство мәдениет, медиа саясаты және ақпараттық қауіпсіздік бағыттарын біріктіретін құрылым ретінде қайта жасақталып отыр. Балаева осы салалардағы реформаларды үйлестіруге жауапты болады.