homepage
Фото: Ашық дереккөзден

7,9 млрд теңге жымқырды деген күдікпен құрылыс компаниясының қызметкерлері құрықталды

01.12.2025, 11:02

Астанада «Qyran» тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату желеуімен ақша жымқырған құрылыс компаниясының қызметкерлері ұсталды. Тергеу мәліметінше, келтірілген жалпы шығын 7,9 млрд теңгеге жеткен деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Алаяқтар азаматтарға пәтер, кеңсе және автотұрақ орындарын нарықтан төмен бағамен ұсынған. Олар мәміле толық заңды деп сендіріп, нәтижесінде 3,8 млрд теңгеден астам қаржыны иемденген.

Бұдан бөлек, күдіктілердің компанияның өзіне арналған екінші схемасы әшкереленді. Құрылыс салушыға тиесілі 76 жылжымайтын мүлік нысанын заңсыз сатып, 4,1 млрд теңгені жымқырғаны анықталды.

Қазіргі уақытта үш күдікті қамауға алынды. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.