homepage

Павлодар облысында тойда уланған жүкті келіншек сәбиінен айырылды

Juzmedia. kz
23.11.2024, 15:54

Павлодар облысында мейрамханада қыз ұзату кезінде қонақтар уланып, оларға сальмонеллез диагнозы қойылды. Зардап шеккендердің бірі жүкті болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тipsavlo.dar жазуынша, 16 адам өз мүддесін сотта қорғау мақсатында облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өтініш жолдаған.

Олардың айтуынша, сәуір айында олар мерекелік іс-шара өткізілген мейрамханадан дайындалған тағамнан уланған.

«Олардың денсаулығына зиян келген, көпшілігі емге байланысты жұмыс істей алмай, тек уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы алып, жалақыдан айырылған. Әсіресе екі адам айрықша зардап шеккен болды: олардың бірі екі айлық жүктілік мерзімінде түсік тастаған жас келіншек болса, екіншісі – инфекция салдарынан ішегінің бір бөлігін операция арқылы алдыруға мәжбүр болған ер адам», - деді департамент басшысының орынбасары Нұрсұлу Әубәкірова.

Маусым айында зардап шеккен тұтынушылар мейрамханаға материалдық және моральдық шығынды өтеу туралы талап-хат жолдаған. Бірақ жауап ала алмаған. Осыған байланысты Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мейрамханаға жоспардан тыс тексеру жүргізіп, тұтынушының шағымына уақтылы жауап беру бойынша заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарып, ескерту жасады.

Кейіннен мемлекеттік орган тұтынушыларға, оның ішінде кәмелетке толмаған келушілерге сапасыз қызмет көрсету салдарынан келген материалдық шығын мен моральдық зиянды өтеу туралы сотқа жүгінді.

«Екібастұз қаласы сотының шешімімен 18 тұтынушыға, оның ішінде екінші талап бойынша екі тұтынушыға 5 миллион теңгеден астам материалдық шығын мен моральдық залал ішінара өтелді. Материалдық шығынға зардап шеккендер ала алмай қалған жалақы пен дәрі-дәрмекке кеткен шығындар, яғни 1318 теңгеден 188462 теңгеге дейінгі сома жатады. Моральдық азап шеккені үшін 16 талапкерге мейрамхана 200 мыңнан 700 мың теңгеге дейін өтемақы төлеуі тиіс», - деп түсіндірді департаменттегілер.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.