homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Нетаньяху сот басталмай жатып кешірім сұрады

01.12.2025, 09:05

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ел президенті Ицхак Герцогқа ресми хат жолдап, өзіне кешірім беруді өтінді. Бұл туралы ақпаратты президент әкімшілігі растады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Нетаньяхуға 2019 жылы бірнеше сыбайлас жемқорлық ісі бойынша айып тағылды. Тергеу дерегі бойынша, ол миллиардерден жеке және қызметтік мүддеге байланысты қымбат сыйлықтар алған, сондай-ақ өзіне тиімді ақпарат үшін медиатоп басшыларына қолдау көрсеткен деген күдікке ілінді. Премьер-министр бұл айыптарды мойындамайды. Израиль заңында президент сот үкімі шыққан адамдарды кешіруге құқылы, ал сот процесі аяқталмай тұрып мұндай шешім тек ерекше жағдайда ғана қабылданады.

Қараша айының ортасында АҚШ президенті Дональд Трамп та Нетаньяхуды қолдап, Израиль басшысын оны кешіруге шақырды.