homepage
Фото: cpc.ru

Қазақстан СІМ Украинаға наразылық танытты

30.11.2025, 10:31

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Новороссийск порты акваториясындағы Каспий құбыр консорциумының азаматтық инфрақұрылымына кезекті шабуыл жасалғанын айтып, украин тарапына наразылық білдірді. Бұл жағдай екі ел арасындағы қарым-қатынасқа нұқсан келтіретін қадам ретінде бағаланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министрлік мәліметінше, КТК-ға қарсы бұл соққы инфрақұрылымға жасалған үшінші мақсатты шабуыл болып отыр. СІМ КТК нысандарының халықаралық құқық нормаларымен қорғалатынын атап өтті. Қазақстан жағы энергетикалық тасымалдардың тұрақтылығы мен үздіксіздігі жаһандық нарық үшін маңызды екенін, ал КТК осы жүйенің негізгі элементтерінің бірі екенін жеткізді.

Ведомство болған жағдайды Қазақстан мен Украина арасындағы екіжақты байланыстарға зиян келтіретін әрекет деп санайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ Украина тарапынан мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермейтін тиімді шаралар күтетінін атап өтті.