homepage

Алматы облысында ер адам бойжеткеннің үстіне бензин шашып, от қойған

Juzmedia. kz
23.11.2024, 12:14

Алматы облысында ер адам бойжеткеннің үсіне бензин шашып, өртеп жіберген. Бұл туралы «НеМолчи.kz» қорына әйел адамның туыстары хабарлап айтқан, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«29 жастағы қыздың әпкелері 20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні зардап шегушінің ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Бәйдібек ауылында мас күйде болған ер адам өзімен бірге тұратын сүйіктісін куәгерлердің көзінше өртеп жібермек болған. Оқиға болған сәтте бойжеткен диванда отырған, сол кезде ер адам оның үстіне бензин әкеп шашып, оттық лақтырып жіберген. Бойжеткеннің денесінің 20%-ы: қолы, беті, кеуде тұсы зақымдалған. Әсіресе қолдары қатты зақымданған әйел адам енді еңбекке жарамсыз болып қалу қаупі бар. Күйіктен кейін қол мен саусақтардың қалпына келуі өте қиын», - деп жазды Дина Смаилова.

Қыздың туыстарының айтуынша, ер адам 5 қарашада да оған ауыр дене жарақаттарын салған көрінеді. Сол кезде бойжеткенге ота жасалып, басы тігілген. Олардың бірге тұрып жатқанына бір жылдай болған, осы уақыт аралығында ер адам сүйіктісіне жүйелі түрде қол көтеріп отырған делінеді.

Ер адам ұсталып, Еңбекшіқазақ облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Дегенмен оның туыстары жазадан құтқару үшін қазірдің өзінде жәбірленушіге қысым көрсетіп жатқаны айтылды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.