Қараша айында Қазақстандағы күнкөріс деңгейі 56 675 теңге болды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қазанмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9,7 пайыз төмендеді. Ер адамдар үшін айлық күнкөріс мөлшері 67 331 теңге болып есептелді, бұл өткен айдан 8,6 пайыз аз. Әйелдерге арналған шама 53 470 теңгені құрап, 8,5 пайыз төмендеді. Зейнеткерлер мен қарттарға тиесілі есеп 53 049 теңге болса, 14 жасқа дейінгі балалар үшін күнкөріс деңгейі 45 595 теңгеге дейін түсіп кеткен.
Жасөспірімдер арасында да айырмашылық бар: 14–17 жастағы ұлдарға қажет айлық шама 71 654 теңге деп белгіленсе, дәл осы жастағы қыздарға 54 906 теңге қажет деп көрсетілген.
Өңірлер бойынша Маңғыстау облысы ең жоғары күнкөріс деңгейін сақтап отыр. Қарашада бұл өңірде көрсеткіш 66 667 теңге болған, бір айда 11,1 процентке кеміген. Одан кейін Алматы облысы 61 631 теңгемен және Астана қаласы 60 551 теңгемен орналасты. Шығыс Қазақстанда күнкөріс деңгейі 59 929 теңгеге, Алматыда 59 358 теңгеге түскен. Ұлытау мен Абай облыстарында да азаю байқалады: тиісінше 57 892 теңге және 56 312 теңге.
Шымкентте күнкөріс минимумы 55 987 теңге болды. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында бұл көрсеткіш 53–56 мың теңгенің арасында қалыптасқан. Түркістан облысында 53 367 теңге, Павлодарда 53 117 теңге, Атырауда 52 118 теңге тіркелді.
Ең төмен күнкөріс деңгейі Қызылорда облысында 50 734 теңге, Батыс Қазақстанда 50 439 теңге және Ақтөбе облысында 50 290 теңге болып белгіленді.
Күнкөріс деңгейі тұтыну себеті негізінде анықталады. Оның 55 пайызын азық-түлік тауарлары: ет, балық, сүт өнімдері, нан, көкөніс, жеміс-жидек, жұмыртқа, қант және басқа негізгі тағамдар құрайды. Қалған пайыз проценті тұрмыстық тауарлар мен міндетті қызметтерден тұрады.