homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстандық банктер мемлекеттен алған қаржылай көмекті қайтармай жүр

28.11.2025, 17:31

Қазақстанда үш банк 2017–2018 жылдары қаржы тұрақтылығын қолдау бағдарламасы аясында мемлекеттен алған қаражатты әлі толық қайтармаған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сүлейменовтің мәліметінше, соңғы бір жылда Halyk Bank 250 млрд теңгені, Банк ЦентрКредит 60 млрд теңгені, Bank RBK толық көлемде алған қаражатты өтеген.

«Кеше ғана Bank RBK 178 млрд теңгені қайтарды. Жалпы алғанда, биыл олар 230 млрд теңгеге жуық қаражат қайтарды. Nurbank мемлекеттен алған 4,5 млрд теңгені өтеді. Alatau City Bank өткен жылы 100 млрд теңге, биыл тағы 150 млрд теңге қайтарды», – деді ол.

Соңғы екі жылда банктер 700 млрд теңгеден астам мемлекеттік көмекті бюджетке қайтарған. Дегенмен Nurbank, Eurasian Bank және Alatau City Bank толық қайтаруды аяқтамаған. Сүлейменовтің айтуынша, Nurbank-қабылданған көмек көлемі аз болғандықтан, олар қарызды жоспарланған мерзімнен ертерек өтеуге келіскен.

Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова банктер мемлекеттік көмекті 2045 жылға дейін созбай, мерзімінен бұрын қайтаратынын айтқан. Депутаттар банктерге берілген қаражаттың 0,1 пайыздық мөлшерлемемен қайтарылатынына сын айтқан. Alatau City Bank 2045 жылға дейін 860 млрд теңге өтеуі тиіс.

Бағдарлама банктерге 2017–2018 жылдары қаржы тұрақтылығын сақтау мақсатында қолдау көрсету үшін іске қосылған болатын.