homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Доллар тағы арзандады

28.11.2025, 16:32

Қазақстан қор биржасындағы 28 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 512,53 теңге болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бір тәулікте америкалық валюта 4,25 теңгеге арзандаған.

Айырбас пунктерінде доллар орта есеппен 511–512 теңгеден сатып алынып, 513–515 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 590–593 теңгеден сатып алынып, 594–599 теңгеден сатылуда. Рубль 6,41–6,5 теңгеден қабылданып, 6,53–6,57 теңгеден сатылып тұр.

ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайдың қаңтар фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 63,4 долларды құрайды.