Жыл басынан бері Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыстық іс анықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Шынар Көшербаева «Адам саудасына қарсы күрес туралы» ҚР Заңының орындалуына арналған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 116-бап бойынша 22 іс, адам ұрлау – бір іс, заңсыз бас бостандығынан айыру – 4 іс, адам саудасы – 17 іс , кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту – 15 іс, кәмелетке толмағандарды саудалау – 6 іс, адамдарды жезөкшелікке мәжбүрлеу – 13 іс, жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысуға притондар ұйымдастыру бойынша 119 іс тіркелген.
«Халықаралық баяндамалардың бағамдауы бойынша Қазақстан осы қылмыстарға жол бермеу бағытында айтарлықтай күш салып жатыр. Бірақ өкінішке қарай, адам саудасы жалғасып жатыр. Іс жүзінде секс-құлдыққа және мәжбүрлеп жұмысқа салу, нәрестелерді саудалау, адам ағзасын сату, қайыр тілеуге мәжбүрлеу сияқты қылмыстарды анықтап жатамыз», - деп атап өтті ІІМ өкілі.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.