Қазақстан ТМД елдері арасында жалдамалы баспана құны ең арзан бес мемлекеттің қатарына енді. Numbeo дерегіне сәйкес, қаланың ортасындағы бір бөлмелі пәтерді жалға алу орта есеппен 238 мың теңге төңірегінде, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
LS дерегі бойынша бұл көрсеткіш Қырғызстандағы 252 мың теңгеден, Өзбекстандағы 265,4 мың теңгеден, Ресейдегі 278,3 мың теңгеден және Молдова мен Армениядағы 311,7–352,1 мың теңге көлемінде. Түркіменстанда мұндай пәтерді жалға алу 542,5 мың теңгеге дейін жетеді. Ең арзан баспана Украинада: 198,6 мың теңге. Ал Әзербайжан (218,4 мың теңге) мен Беларусь(218,9 мың теңге) елдерінде баспана жалдау құны Қазақстанмен деңгейлес.
Жылжымайтын мүлік нарығы Қазақстан салыстырмалы түрде қолжетімді саналады. Тәжікстанда 1 шаршы метрдің орташа бағасы 501,4 мың теңге болса, Қазақстанда ол 640,9 мың теңге. Басқа елдерде бұл көрсеткіш жоғары: Қырғызстанда 751,8 мың теңге, Украинада 794,8 мың теңге, Өзбекстанда 899,1 мың теңге, Беларусьте 953,1 мың теңге. Әзербайжан, Молдова және Ресейде баға 1 млн теңгеден асқан. Ең қымбат баспана Арменияда (1,8 млн теңге) және Түрікменстанда (2,4 млн теңге).
Ипотека бойынша ең төмен бекітілген пайыздық мөлшерлеме Молдоваға тиесілі – 8,6 пайыз. Одан кейін Әзербайжан (9,2 пайыз) және Түркіменстан (9,5 пайыз) тұр. Армения мен Беларусьте мөлшерлеме 15 пайыздан жоғары. Украинада ипотека орта есеппен 17,9 пайыз, Ресей мен Қазақстанда – 18,4 пайыз, Қырғызстанда – 20,2 пайыз, Өзбекстанда – 22,6 пайыз.