homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

«Самұрық-Қазына» 122,2 млрд теңгенің тиімсіз жұмсаған

28.11.2025, 10:34

Жоғары аудиторлық палата «Самұрық-Қазына» қорындағы елеулі кемшіліктер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

2018–2021 жылдарға арналған Трансформация бағдарламасы өз мақсатына жетпеген: шетелдік деңгейге шығуы тиіс болған 8 компанияның көрсеткіші орындалмады. Бағдарламадан түскен нақты пайда 154,5 млрд теңге болған, бұл жоспарланған көлемнен екі есе аз.

Корпоративтік басқару деңгейі төмен екені анықталды. Стратегиялық құжаттар сапасыз әзірленген, жоспарлы көрсеткіштер әдейі төмен қойылған, холдингтің даму жоспарының орындалуына бақылау жеткіліксіз. Қордың 7 ақпараттық жүйесінің 4-еуі ғана жұмыс істейді. Басқарушылық есеп жүйесі (SAP BPC) бұзылулармен жұмыс істейді, ал кей компаниялар қаржылық есепті әлі күнге дейін қолмен жүргізеді. Ішкі нормативтік құжаттардың шамамен 15 пайызы қолданылмайды немесе ескірген.

«Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі жанындағы 5 комитеттің 3-еуі жұмыс істемейді. Басқарма жанындағы 7 комитеттің 2-еуі 2024 жылдан бері тоқтап тұр.

Палата қор құрылымының шамадан тыс ауырлап кеткенін атап өтті: топ құрамында 6 деңгейге бөлінген 326 компания бар. 2020–2024 жылдары 23 компания мүлде жұмыс істемеген, ал 2024 жылы 41 компания шығын көрсеткен. 

Инвестициялық жобаларды бақылау да әлсіз. 2020 жылдан 2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қор тобы 175 жобаның тек 49-ын ғана аяқтады.

Аудит қорытындысында 351,8 млн теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар, 122,2 млрд теңгені тиімсіз жұмсағаны анықталды. 119 жүйелік кемшілік тіркелген. Бірқатар материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды, ал кей фактілер бойынша құжаттар құқық қорғау органдарына жіберілді.