homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қостанайда жетпіс жылдық ЖЭО жаңартылмақ

28.11.2025, 09:07

Үкімет резервінен Қостанай, Жітіқара, Арқалық қалаларындағы жылу желілерін және Рудныйдағы су жүйесін жөндеуге 2,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қостанай қаласында 1955 жылы салынған жылу электр орталығының бас бу құбыры қайта жаңартылуда. Бұл жұмысқа 188 млн теңге бөлінді. Жітіқарада 11 шағын ауданның жылу желілерін жөндеуге 389 млн теңге бөлінсе, Арқалықта жылу желілерін реконструкциялаудың үшінші кезеңіне шамамен 645 млн теңге жұмсалмақ. 

Ал, Рудный қаласында сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасы басталды. 1978 жылы іске қосылған №2 сүзгі стансасын қайта құруға 500 млн теңге бөлінді. Әбден тозығы жеткен бұл нысандарды жаңғыртпаса, қыстың көзі қырауда қостанай жұрты жылусыз әрі сусыз қалады деген қауіп қою.