Зорлық фактісі медициналық тексеру барысында анықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазинаның сөзінше, отбасыда бес асыранды бала болған. Жасөспірімдер ересектердің тілін алмай, тыңдамаған соң асырап алушылар олардан 2022 жылы бас тартқан. Олардың арасында зорлау әрекетінің құрбаны болған 16 жастағы қыз болды.
– Мекемеде жоспарлы медициналық тексерулер жүргізілуде. Гинеколог маманы кәмелетке толмаған қызбен әңгімелесу барысында осындай факті анықталды. Қыздың сөзінше, асырап алушы ата-анасының тарапынан оған қатысты зорлық болған. Бүгінгі таңда сол отбасыдан қайтарылған бес бала медициналық тексеруден өтеді, – деді Самал Айтқазина.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған адамды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Алайда, күдікті осы факті бойынша полицияға жүгінгенін біліп, өз-өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.