homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстандықтар жаппай доллар сатып алып жатыр

27.11.2025, 16:19

Қазан айында қазақстандықтардың қолма-қол доллар сатып алу белсенділігі айтарлықтай артты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық банктің дерегіне сүйенген Қаржы-кредит бюросы қазан айында айырбастау орындарындағы нетто-сатылым көлемі 232,8 миллиард теңгеге жеткенін мәлімдеді. Бұл дегеніміз, ай ішінде айырбастау пунктері долларды сатып алғаннан гөрі осынша сомаға сатты. Көрсеткіш бір айда 2,2 есе, бір жыл ішінде 36,9 процентке өсті.

Талдаушылардың айтуынша, нетто-сатылымның күрт ұлғаюына негізгі себеп – теңгенің долларға қатысты нығаюы. 1 қазаннан 1 қарашаға дейін ұлттық валюта 3,4 процентке күшейіп, доллар курсы 530,47 теңгеге дейін төмендеді. Теңгенің бұл жолғы нығаюы ай басынан бастап байқалып, қазан бойы жалғасты.

Сарапшылар бұл динамика азаматтардың әлсіреп жатқан долларды қолма-қол сатып алуға деген қызығушылығын арттырғанын айтады.