homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстан бизнесі қарыз алуды күшейтті

27.11.2025, 15:50

Қазақстандық кәсіпкерлер жаппай кредит алып жатыр. Бизнеске берілген қарыз көлемі жыл басынан бері 15 процентке өсіп, 17,6 триллион теңгеге жетті. Осылайша кредит портфелі сегіз айда 2,3 триллион теңгеге ұлғайған деп хабарлайды Juzmedia.kz. Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Несиені негізінен ірі кәсіпорындар алып отыр. Олар алған кредит көлемі 1,2 триллион теңгеге артып, 19,6 проценттік өсімге жетті. Орта бизнес 710 миллиард теңге (32,6 процент) қосымша қаржы алған. Ал шағын бизнеске берілген займдар 419 миллиард теңгеге көбейіп, 5,9 процентке артқан. 

Бұл отандық банктер портфелінің құрылымына да өзгерістер алыпк елді ірі кәсіпорындардың үлесі 38,9% – 40,4 пайызға өсті, орта бизнес үлесі 14,3-тен 16,5% көтерілді. Керісінше, шағын бизнестің үлесі 46,9%-тен 43,1 пайызға төмендеді.

Салалық тұрғыда ең көп несие өндіріс саласына бағытталды. Бұл саладағы жалпы портфель 6,9 триллион теңгені құрайды. Оның ішінде:
– кен өндіру кәсіпорындары – 1,3 трлн теңге;
– өңдеу өнеркәсібі – 4,5 трлн теңге;
– басқа өндірістік бағыттар – шамамен 1 трлн теңге.

Өңдеу секторында қаржы ең көп тартылған бағыттар :
– автокөлік және теміржол техникасы өндірісі — 136 млрд теңге (өсім 40,5%);
– химия және фармацевтика — 100 млрд теңге (22,8%);
– металлургия және металл бұйымдары — 85 млрд теңге (6,5%);
– тамақ өнеркәсібі — 82 млрд теңге (11%).

Бизнеске берілген несиелер басқа салаларда да айтарлықтай ұлғайған:
– сауда — 4,1 трлн теңге (+15,8%);
– көлік және қоймалау — 1,4 трлн теңге (+31,5%);
– құрылыс — 768,6 млрд теңге (+13,3%);
– ауыл шаруашылығы — 604,9 млрд теңге (+13,1%);
– ақпарат және байланыс — 260,6 млрд теңге (+46,3%);
– өзге салалар — 3,5 трлн теңге (+12,2%).