Бішкекте ҰҚШҰ-ның кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ұйымға мүше бес елдің делегациялары қатысты деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Көшбасшылар 2025 жылғы бірлескен қауіпсіздік шараларының орындалуын талқылап, алдағы кезеңге арналған басымдықтарды айқындады.
Саммитте Иманғали Тасмағамбетовтің Бас хатшы ретіндегі өкілеттігі аяқталатын болғандықтан, елдер оған алғыс білдірді. Ұйымның жаңа Бас хатшысы болып Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков бекітілді. Ол 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жылдық мерзімге қызметке кіріседі.
Жиын қорытындысында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданып, ұйымның қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған бірнеше құжатқа қол қойылды.