homepage
Фото: Qazaqparat

Бірден үш мобильді оператор тарифтерді қымбаттататынын мәлімдеді

27.11.2025, 14:17

Beeline-нен кейін Tele2 мен Altel де 25 желтоқсаннан бастап тарифтердің бағасы мен ондағы қызмет көлемі өзгеретінін айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

 Компаниялар бұл шешімді жаңа Салық кодексінің енгізілуімен және желіні дамыту шығындарының өсуімен түсіндіреді. Тарифтердің қалай өзгеретіні туралы ақпарат абоненттерге SMS арқылы жіберілмек.

Tele2 таратқан хабарламада бағаны қайта қарау «желілерді жаңарту, техникалық қызмет көрсету және салықтық өзгерістерге байланысты мәжбүрлі шара» екені айтылған. Компанияның мәлімдеуінше, абоненттік төлемді өсіру сервистің тұрақтылығын сақтап, қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.