Келесі жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық орындардағы тәртіп бұзушылық үшін төленетін айыппұл көлемі едәуір артады. Себебі Парламент 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте айыппұлды есептейтін негізгі көрсеткіш – айлық есептік көрсеткішті (АЕК) 4 325 теңгеге дейін өсіруді бекітті (2025 ж. – 3 932 теңге) деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жаңа мөлшерлеме күшіне енген соң, бірнеше бап бойынша айыппұлдар да өседі.
Қоғамдық жерде боқтау
Қазір қоғамдық жерде былапыт сөз айтқаны үшін ең төменгі айыппұл – 20 АЕК (2025 жылы 78 640 теңге). 2026 жылы бұл сома 86 500 теңгеге дейін өседі.
Қоқыс тастау және қоғамдық орындарды ластау
Бірінші рет ластағаны үшін – 10 АЕК (2025 ж. 39 320 т), қайталанса – 20 АЕК (78 640 т).
2026 жылы бұл айыппұлдар 43 250 және 86 500 теңге болады.
Қоғамдық жерде алкоголь ішу
Алкоголь ішкені не мас күйде қоғамдық орынға шыққаны үшін айыппұл: қазір – 5–10 АЕК (19 660–39 320 т).
Келесі жылы – 21 625–43 250 теңге.
Вандализм
Вандализм Қылмыстық кодекс бойынша жазаланады. Ең төменгі айыппұл – 100–200 АЕК (2025 ж. 393 200–786 400 т).
2026 жылы – 432 500–865 000 теңге.
Ең жоғары айыппұл – 500–2 000 АЕК, бұл 2,1–8,6 млн теңге.
Кәмелетке толмағандардың вандализмі үшін ата-аналар 15 АЕК төлейді: 2025 жылы 58 980 теңге, 2026 жылы – 64 875 теңге.
Ұсақ бұзақылық (ғимаратты бүлдіру, жазу салу және т.б.)
Қазір: 50–60 АЕК (196 600–235 920 т).
2026 жылы: 216 250–259 500 теңге.