Қазақстандық 17 жастағы Дастан Сатпаев Лига чемпиондарының ең жас гол соққандар қатарынан орын алды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Копенгаген» – «Қайрат» (3:2) кездесуінде алматылықтардың екі голын да клуб тәрбиеленушілері Дастан Сатпаев пен Олжас Байбек соқты. Қазақстан үшін мұндай жағдай 23 жылда алғаш рет тіркелді: өз ойыншыларымыз Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соқты.
Негізгі сенсация – Сатпаев. 17 жас 3 ай 14 күнінде ол Лига чемпиондары тарихындағы ең жас гол соққан ойыншылар тізімінде үшінші орынға шықты. Оның алдында тек «Барсело́на» футболшылары Ансу Фати мен Ламин Ямаль тұр.
Жеңіліске қарамастан, «Қайрат» символикалық жағынан үлкен жетістікке қол жеткізді. Ал Дастан Сатпаев маусымды керемет көрсеткішпен аяқтап отыр: 20 гол, оның төртеуі – еурокубоктарда.