Гонконгтың Тай По ауданында сегіз көпқабатты үйді шарпыған ірі өрт салдарынан 44 адам көз жұмды. Тағы 279 тұрғын әлі із-түзсіз жоғалғандар қатарында деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Өрт құрылыс тіреулерінен тұтанған, жалын бірден тұрғын үйлердің сыртқы қаптамасына тарады. Кешенде шамамен 4,6 мың адам тұрады, олардың бір бөлігі шұғыл эвакуацияланды.
Полиция өртке байланысты үш адамды ұстады. Барлығы да жөндеу жұмыстарын жүргізген құрылыс компаниясымен байланысты. Тергеу мәліметінше, ғимараттардың қасбеттерінде қолданылған материалдардың өртке төзімділігі талапқа сай болмауы мүмкін.