homepage

Ұлттық ұланның әскери қызметшісін ұрып-соққандар ұсталды

25.09.2024, 21:23

Polisia.kz Telegram арнасының хабарлауынша, қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдар анықталған.

«Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды. Олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі», делінген баспасөз хабарламасында.

Еске салайық, ҚР Президентінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының Ұлттық ұлан жауынгерін соққыға жыққаны түсірілген видеомен танысқанын хабарлаған болатын. Ол Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке шабуыл жасағандарды ұстау үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жыққандардың барлығы анықталғанын хабарлады. Оқиға 2023 жылдың күзінде, әскери борышын өтеп, запасқа ауысқан әскерилердің үйге қайтар жолында болған.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.