Таиландтағы су тасқынының салдары ауырлай түсті. Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апаттан 33 адам қаза болып, 2,7 миллионнан астам тұрғын зардап шеккен деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ең күрделі жағдай Хатьяй қаласында тіркелді. Бір-ақ күнде 355 миллиметр жаңбыр жауып, бұл соңғы үш ғасырдағы ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді. Құтқару жұмыстарына 20 тікұшақ пен 200-ге жуық қайық жұмылдырылды.
Қазір Таиландтың 9 провинциясы мен Малайзияның 8 штаты су астында қалды. Екі елде 45 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Апта басынан бері табиғи апаттар Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдерінде де адам шығынына әкелді. Индонезияда тасқын мен лай көшкінінен 13 адам, Вьетнамда 98 адам көз жұмды.