homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Елде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа жеңілдетілген режим бекітілді

26.11.2025, 11:04

Қазақстан үкіметі 2026 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жұмыс істей алатын қызмет түрлерінің тізімін бекітті. Құжатқа сәйкес, жеңілдетілген режим 40 түрлі қызметке қолданылады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарапайым декларация арқылы жұмыс істей алатындар қатарында мал шаруашылығымен айналысатындар (ОКЭД 01620), музыкалық аспаптар өндірушілер (32200), сылақ, ағаш шеберлігі, балташы және сырлау жұмыстарының мамандары (43310, 43330, 43340) бар.

Тізімге сонымен қатар желілік маркетинг арқылы бөлшек сауда, такси, курьерлік қызмет, пошта тасымалы және дайын тамақты жеткізу сияқты бағыттар енгізілген.

Жеңілдетілген режимді 68201 ОКЭД бойынша тұрғын үйді жалға беру және басқарумен айналысатындар, сондай-ақ 74300 ОКЭД бойынша ілеспе аударма және жазбаша тәржіма жасаушылар қолдана алады.

Сонымен бірге фотографтар, ветеринарлар, тұрғын үйді тазалау қызметін көрсететіндер, компьютер мен тұрмыстық техниканы жөндеумен айналысатындар да осы режим арқылы жұмыс істей алады.

Бұған дейін үкімет 44 негізгі санаттан тұратын, 185 нақты қызмет түрін қамтитын тыйым салынған тізімді бекіткен болатын. Ол тізімге жоғары маржалы немесе мемлекет қатаң реттейтін салалар енгізілген.