Қырғызстан биыл Қазақстаннан әкелетін кейбір тауарлардың көлемін айтарлықтай арттырды. LS дерегінше, екі ел арасындағы тауар айналымы қаңтар-қыркүйек аралығында 1,6 млрд доллар болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,8 пайыз жоғары Juzmedia.kz.
Қазақстан үш тоқсанда Қырғызстанға 3,8 млн тонна өнім экспорттады. Оның құны 1,2 млрд долларды құрап, бір жыл ішінде 26,8 пайыз өсті.
Ең көп өсім жанармай өнімдерінде байқалды: бензин, газойль, мазут және мотор майларының экспорты 1,6 есе артып, 224 мың тонна болды.
Сонымен бірге қырғыз нарығында тәтті сусындарға (248,9 млн литр, +14,4%), құс етіне (10,7 мың тонна, +24,2%), мороженоға (3 мың тонна, +1,6 есе), ұнға (140,7 мың тонна, +3,7 есе) және бидайға (205,1 мың тонна, +21,5 есе) сұраныс өскен.
Ал смартфондар мен телефондар экспорты 4,6 есе азайып, 53 мың данаға түскен. Алтын экспорты 8 пайызға (2,3 тонна), сигарет сату 1,6 пайызға төмендеген.
Импорт та артты. Қазақстан Қырғызстаннан 614,8 мың тонна тауар әкелді, құны 406,4 млн доллар (+9,4%).
Импорт ішінде битум (3,8 есе өсім, 202,7 мың тонна), керосин (2 есе өсім, 51,1 мың тонна), тракторлар (3,4 есе өсім, 298 дана), пластик тара (3,7 есе өсім, 53,5 мың тонна) және макулатура (2,9 есе өсім, 10 мың тонна) ерекше көзге түседі.
Ал сүт өнімдерінің импорты 17,3 мың тоннаға дейін төмендеп, 10,7 пайыз азайған.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстанды байланыстыратын 200 млн долларлық жаңа өндірістік кешен жоспарланып жатқаны хабарланған.