homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстан Әзербайжаннан контейнер тасымалдайтын екі кеме сатып алады

25.11.2025, 14:38

Қазақстан 2027 жылға дейін Әзербайжаннан контейнер тасымалдауға арналған екі кеме сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министрдің айтуынша, Каспий көлік хабын дамыту аясында Ақтау және Құрық порттары жаңғыртылып жатыр. Биыл жыл соңына дейін Ақтауда қытайлық Ляньюньган компаниясымен бірлесіп салынып жатқан контейнерлік хабтың алғашқы кезеңі аяқталмақ. Жоба толық іске қосылғанда, хаб жылына 240 мың контейнер өңдей алады.

Ақтау портында акваторияны тереңдету және айлақтарды қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Құрық портында «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы жалғасуда.

Нұрлан Сауранбаев Каспий арқылы жүк ағынын арттыру үшін сыйымдылығы 780 контейнер болатын екі кемені Әзербайжаннан алу жоспарланғанын атап өтті.