homepage
Фото: ҰҚШҰ

Тасмағамбетовтың орнына ҰҚШҰ бас хатшысы кім болатыны белгілі болды

25.11.2025, 12:44

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы қызметіне Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков ұсынылады. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Айтуынша, Иманғали Тасмағамбетовтың өкілет мерзімі аяқталған соң, оны Таалатбек Масадыков алмастырады. Қазір ол ОДКБ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарып отыр.

ОДКБ жарғысына сәйкес, бас хатшы мүше мемлекеттердің ротациясы бойынша үш жылдық мерзімге тағайындалады.