homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Жаңа жыл қарсаңында тауар бағасы неге өседі? Министрлік түсіндірді

25.11.2025, 12:24

Жаңа жыл жақындаған сайын халықтың сатып алу белсенділігі бірнеше есе артады. Тұрғындар бір күндік мерекелік дастарқанға ғана емес, алдын ала қор жинауға да тырысады. Осы себепті сұраныс күрт өсіп, нарықтағы баға динамикасына тікелей әсер етеді. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі түсіндірме берді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Bице-министр Айдар Әбілдабековтың айтуынша, мереке алдындағы кезеңде кез келген тауардың аздап тапшылығы байқалса, сатушылар бағаны көтеруге бейім болады. Себебі бұл кезде сұраныс жоғары болғандықтан, тұтынушылар тауарды бәрібір сатып алады.

Оның сөзінше, мұндай жағдайда мемлекет тек әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын бақылап отырады. Ал қалған тауарлар еркін нарықта, яғни кәсіпкерлердің өз бағалауымен сатылады.

Вице-министр мерекелік кезеңде бағаның өсуі дәстүрлі экономикалық құбылыс екенін атап өтті.