homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстандағы ең қауіпті жолдар анықталды

25.11.2025, 12:10

Қазақстанда жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін және адам өліміне ең көп себеп болатын бірнеше бағыт ерекше қауіпті саналады. Статистика бойынша, жол апаттарының негізгі бөлігі республикалық маңызы бар трассаларда орын алып отыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Үкіметте өткен баспасөз брифингінде:

Негізгі қауіпті учаскелер – Қарағанды мен Алматы арасындағы жол, Талдықорған – Өскемен бағыты және Ақтөбе – Атырау – Астрахань трассасы. Сонымен қатар өңірлік деңгейде дайындалған толық тізім бар. Ол жақын уақытта "ҚазАвтоЖол" сайтында жарияланады, - деп атап өтті.

 Бұл жолдарда көлік ағыны тығыз, жылдамдық жоғары және қауіпсіздік талаптарының сақталмауы жиі байқалады. Сонымен бірге Шымкент–Ташкент, Астана–Щучинск және Қызылорда–Шымкент трассаларында да апат жиілігі азаймай тұр.

Сарапшылардың айтуынша, жол-көлік оқиғалары көбінесе жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, қарама-қарсы жолаққа шығуы, шаршау, жолдың сапасы және ауа райының қолайсыздығынан туындайды. Көлік ағыны өскен сайын тәуекел де арта түсуде.

<иылдың өзінде республикалық жолдарда мыңдаған апат тіркеліп, жүздеген адам көз жұмған. Апат саны жоғары жол учаскелері ерекше бақылауға алынып, қосымша камералар орнату, жол қозғалысын реттеу және жылдамдықты шектеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сарапшылар жүргізушілерге ұзақ жолға шыққанда демалыс режимін сақтау, жылдамдықты асырмау және ауа райы жағдайын ескеру қажеттігін ескертеді.