Қазақстанда биылғы қаңтар–қыркүйек айларында 2,3 млн тонна ұн өндірілді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
LS мәліметінше, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 7,4 пайызға көп. Ішкі нарыққа сатылған ұн көлемі 1,1 млн тоннаға жетіп, 15,7 пайыз өсім көрсетті.
Ал экспорт көлемі өзгермей қалды: тоғыз айда шетелге 1,3 млн тонна ұн жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда небәрі 0,3 пайызға аз. Ақшалай есепте экспорт $331,2 млн болды.
Негізгі тұтынушылар – Ауғанстан (684 мың тонна) және Өзбекстан (286,4 мың тонна). Екі ел де сатып алуды едәуір қысқартты: Ауғанстан – 19 пайызға, Өзбекстан – 11 пайызға.
Сонымен қатар басқа елдерге экспорт өсім көрсетті. Қырғызстанға жөнелтілім 3,7 есе көбейіп, 140,7 мың тонна болды. Түркіменстанға – 87,4 мың тонна (+3,8 есе), Қытайға – 24,1 мың тонна (+2,2 есе), Ресейге – 15,9 мың тонна (+7,2 пайыз) жіберілді. Монғолия, Беларусь және АҚШ-қа да шағын көлемде экспорт жасалды.
Ұн импорты үш есеге жуық азайып, 20,8 мың тонна болды. Негізгі жеткізуші – Ресей. Аз мөлшерде Италия, Румыния, Түркия және Франциядан әкелінген.
Баға ішкі нарықта сәл қымбаттады: биыл қазанда жоғары сұрыпты ұнның келісі 422 теңге болды (өткен жылы – 408 теңге). Бірінші сұрыпты ұн 226 теңгеден сатылуда, жылдық өсімі – 0,4 пайыз.
Бұған дейін Қонаев қаласында өсімдік майы, ұн және мал азығына арналған азықтық ұн өндіретін зауыттарды модернизациялау және жаңадан салу жоспарланғаны хабарланған.