homepage
Фото: Qazaqparat

Алматы – Бішкек тасжолында болған апаттан алты адам қаза тапты

25.11.2025, 09:33

Алматы облысында Алматы – Бішкек автожолының 65-шақырымында болған ірі жол апатынан алты адам көз жұмды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, Audi көлігін тізгіндеген 23 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы Toyota автокөлігімен соқтығысқан.

Қақтығыс салдарынан екі көліктің жүргізушілері және үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілгенімен, медициналық мекемеде жан тапсырды.

Бес жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Полиция апаттың нақты себептерін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция басшылығының бақылауына алынғаны хабарланды.