Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың мобильді аударымдары жаңа тәртіппен бақылауға алынады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
LS-ке берген түсіндірмесінде салық сарапшысы Дмитрий Казанцев азаматтарға алдын ала дайындалуды ескертті.
Сарапшының айтуынша, банктік карталардағы қаржы қозғалысы реттелген болуы тиіс. Егер картада жүйесіз, түсініксіз, жиі және әртүрлі сомадағы аударымдар көп болса, картаның иесінен түсініктеме талап етілуі мүмкін. Үкімет басшысы 16 қазанда шағын бизнес үшін камералдық тексерулерді тоқтату және жаңа әкімшілендіруге көшу туралы айтты. Бірақ бұл тек өткен кезеңдерге қатысты. 2026 жылдан бастап жаңа тәртіп толық күшіне енеді.
Казанцевтің түсіндіруінше, 2026 жылдан бастап банктік карта тек иесінің жеке қажеттіліктеріне арналуы қажет. Оған жалақы, дивиденд және жақын туыстардан түсетін қаражат қана заңды деп есептелмек. Ол бұл нормаларды Shanyraq 2025 бизнес-форумының кулуарында түсіндірді.
Сарапшы ықтимал жауапкершілікті де атады. Егер азамат табысын жасырса, одан төленбеген соманың 10 пайызы көлемінде салық доначисление ретінде есептеледі. Немесе 200 пайызға дейін айыппұл салынуы мүмкін. Заңсыз жолмен сатып алынған мүлікті растай алмаған жағдайда, белгілі бір жағдайларда, мүлікті тәркілеу қолданылуы ықтимал. Бұл тетік көбіне жемқорлыққа күдік болғанда пайдаланылады.
Мәселен, ресми табысы жоқ адамның атына бірнеше пәтер тіркелсе, оның қайдан алынғаны жөнінде түсіндіруді талап етуі мүмкін. Сарапшы көпшілік үшін ықтимал салдар тек 10 пайыздық қосымша салық төлеу міндетімен шектеледі деп есептейді. Бұл соманы 30 жұмыс күні ішінде төлеуге мүмкіндік бар.
Жаңа талаптар мобильді аударымдарды ашық көрсетуге және көлеңкелі айналымды азайтуға бағытталады.