homepage
Фото: kaktus.media

Қырғызстанда экс-президенттің ұлы қамауға алынды

24.11.2025, 14:43

Қырғызстанда парламенттік сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды деген күдікпен бірнеше адам қамауға алынды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бішкектегі Первомай аудандық соты айыпталушыларға қамауда ұстау шарасын санкциялады.

Қамауға алынғандардың қатарында елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың кіші ұлы Қадырбек Атамбаев, «Социал-демократтар» партиясының мүшелері және бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер бар. Тергеу олардың билікті күшпен басып алу, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен қиратуға әкелетін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру әрекеттеріне қатысы бар екенін мәлімдеді.