homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы қызметінен кетеді

24.11.2025, 13:07

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы алдағы аптада жаңа бас хатшы тағайындайды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Иманғали Тасмағамбетовтің өкілеттігі аяқталып жатыр. Үш жылдық мерзімге сайланатын жаңа бас хатшы 27 қарашада Бішкекте өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында таңдалады.

Күн тәртібінде есірткі тасымалына қарсы іс-қимыл, заңсыз көші-қонды шектеу, қауіпсіздік мәселелері бойынша бірлескен декларацияға қол қою, сондай-ақ 2026 жылы Ресейдің төрағалығы аясындағы басымдықтарды бекіту қаралады.

Тасмағамбетов бұл қызметті 2023 жылдың қаңтарынан бастап атқарып келді. Бұған дейін ол ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында Ресейдің Украинадағы әрекетін қолдайтынын айтып, Қазақстанда сынға қалған. Кейін ол ешкімнің мүддесін білдірмейтінін және елді қандай да бір қақтығысқа тартпайтынын нақтылады.

Жуырда Тасмағамбетовтің есімі Украинадағы «Миротворец» базасына енгізілді. Оған «Ресей агрессиясын қолдады» деген айып тағылды.