homepage
Фото: Қырғызстан ІІМ баспасөзі

Қырғызстанда оппозиция өкілдерін ұстау күшейді

23.11.2025, 10:04

Қырғызстанда 30 қарашаға белгіленген кезектен тыс парламенттік сайлау қарсаңында қауіпсіздік күштері оппозициялық белсенділер мен журналистерді жаппай ұстау және тінту шараларын жүргізді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Reuters мәліметінше, ресми органдар бұл рейдтерді «жаппай тәртіпсіздікке шақыру» деректері бойынша жүргізілген тергеумен байланыстырады. Ал оппозиция өкілдері мұны биліктің сайлау алдындағы қысымы деп бағалап отыр. Олар қамаулардың саяси астары барын ашық мәлімдеді.

Халықаралық байқаушылар да жағдайға алаңдаушылық білдіріп, мұндай әрекеттер сайлау процесінің ашықтығына нұқсан келтіруі мүмкін екенін айтып отыр. Сайлау алдында оппозициялық партиялар мен азаматтық белсенділерге бағытталған қысымның күшеюі қоғамда үлкен талқылау туғызған.

Қырғызстанда биыл қабылданған өзгерістер сайлау жүйесін қайта жасақтап, мажоритарлық модельге көшуге мүмкіндік берген. Сарапшылар соңғы оқиғаларды биліктің саяси бақылауды күшейту әрекеті деп есептейді.