Қытайдың Бас кеден басқармасының дерегінше, 2025 жылдың қаңтар–қазан айларында Ресейден импортталған мұнай көлемі 83,1 млн тонна болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңінен 8% төмен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ақшалай есепте құлдырау одан да айқын. Қытай ресейлік мұнайға 42,06 млрд доллар жұмсаған, яғни бір жыл бұрынғыдан 10,8 млрд долларға аз. Бұл — 20,4% төмен.
Қазан айындағы динамика да теріс болып отыр. Бір айда 9,1 млн тонна мұнай жеткізіліп, 4,37 млрд доллар төленді. Бұл 2024 жылдың қазанымен салыстырғанда көлем бойынша 7%-ға, құны бойынша 17%-ға аз.
Соған қарамастан, Ресей Қытай үшін негізгі мұнай жеткізушілердің бірі мәртебесін сақтап отыр. Соңғы жылдары импорт көлемі жылына 100 млн тоннадан жоғары деңгейде тұрақтап келеді.