homepage
Фото: Juzmedia.kz коллажы

СҚО-да ауыл тұрғындары қаздардың құс тұмауын қырылғанын дәлелдей алмай жүр

21.11.2025, 14:36

Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше ауылда үй құстары жаппай қырылып жатыр. Ветеринария басқармасы құс тұмауына жасалған талдау теріс нәтиже көрсеткенін хабарлаған болатын. Алайда тұрғындар тәуелсіз сараптама жасатуды жөн санаған. Оның нәтижесі қанаттылар құс тұмауынан қырылғанын көрсетіп отыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.

 

Әсіресе Қызылжар ауданындағы Шахавское ауылында қырылған құс көп. Тұрғындар Петропавлда жасалған сараптама күмән туғызғанын айтады. 

«Біз құстарды Башқұртстаннан аламыз. Ол жақта мықты мамандар бар. Хабарласып, ауру белгілерін айтқанымызда «құс тұмауы екеніне сенімдіміз» деді. Ал жергілікті органдар басқаны айтып отыр», - дейді ауыл тұрғыны Жанат Ғаббасов.

Қаз өсірушілердің көбі бизнесін дамыту үшін несие алған. Бәрі шаш етектен шығынға батқандарын айтып отыр. 

«Алматы қаласындағы микробиология және вирусология инстутутында сараптама жасаттық. Мемлекеттік аккредитациясы бар ұйым. Олар жоғары патогенді құс тұмауын растады. H5N1 – құс ауруларының ішіндегі ең қауіптісі», - дейді Жанат Ғаббасов.