CEOWORLD және Ranking.kz жариялаған жаһандық рейтинг деректері Қазақстанның оқырман белсенділігі өте төмен екенін көрсетті деп хабарлайды Juzmedia.kz.
6,5 млн адамды қамтыған сауалнама нәтижесінде Қазақстан 2024 жылы 102 елдің ішінде 95-орынға тұрақтаған. Бір қазақстандық жылына орта есеппен небәрі 2,77 кітап оқиды. Бұл көрсеткішпен ел Алжир (2,83) мен Ирактың (2,77) арасында тұр. Ranking.kz талдауы да осы нәтижені растайды.
Орталық Азияда Қазақстан көршілерінен де төмен. Тәжікстанда бір адам жылына 4,01 кітап оқыса, Қырғызстанда — 3,96, Түрікменistanda — 3,18 кітап. Өзбекстан рейтингте жоқ.
Ең аз кітап оқитын елдер — Ауғанстан (2,56), Бруней (2,59) және Пәкістан (2,66).
Ең көп оқитындар — АҚШ (17 кітап), Индия (16), Ұлыбритания (15), Франция (14), Италия (13), Канада (12), Ресей (11), Австралия (10), Испания (9), Нидерланды (8). Ресей Қазақстаннан шамамен төрт есе көп кітап оқиды.
Ranking.kz дерегінше, қазақстандықтар жылына бар болғаны 65 сағат, яғни аптасына 1 сағаттан сәл ғана артық уақытын кітап оқуға жұмсайды. Тәжікстан — 89 сағат, Қырғызстан — 87, Түрікменistan — 74 сағат. Ауғанстанда ең төмен көрсеткіш — 58 сағат.
Салыстыру үшін: АҚШ-та — 357 сағат, Индияда — 352, Ұлыбританияда — 343 сағат.
Әлем бойынша халықтың 77 пайызы кітап оқиды, бірақ олардың небәрі 9 пайызы электронды немесе аудиокітапты таңдайды.
CEOWORLD және Ranking.kz тізіміне енген ең танымал кітаптар қатарында Библия, Құран, «Гарри Поттер», «Цитатник Мао» және «Властелин колец» бар. Орташа қазақстандыққа «Гарри Поттердің» жеті кітабын оқу үшін 2,5 жыл қажет делінген Ranking.kz қорытындысында.