homepage

Кәмелетке толмаған баланы зорлап өлтірген күдікті Ресейден жеткізілді

Juzmedia. kz
21.11.2024, 14:05

Кәмелетке толмаған баланы алдын ала сөз байласу арқылы зорлағаны және оны өлтіруді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хаббарлайды Juzmedia.kz.

БАЛАНЫҢ ДЕНЕСІН ИЕН ДАЛАҒА КӨМІП КЕТКЕН

Бас прокуратураның хабарлауынша, аталған тұлға 2008 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласындағы пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған баланы зорлаған.

“Осыдан кейін күдікті заң алдындағы жауапкершіліктен қорқып, таныстарымен бір топ адам болып әрекет етіп, кәмелетке толмаған баланы күштеп көлікке отырғызып, ауылдық аймаққа алып кеткен. Жол бойында сыбайластардың бірі бұрын адам өлтіргені үшін сотталған тұлға бола тұра, жәбірленушінің мойнын ұстап, оны тұншықтырып өлтірген.

Адам өлтіруді жасыру үшін қаскүнемдер кәмелетке толмаған баланың денесін далаға көмген”, – делінген хабарламада.

ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҚАНША ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Кәмелетке толмаған баланы зорлап, оны өлтіруді ұйымдастырған, қашып үлгерген және 15 жыл бойы халықаралық іздеуде болған сотталушыны қоспағанда, адам өлтіруге қатысы бар тұлғалар әртүрлі жаза түріне сотталды.

“Өткен жылғы қыркүйекте ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта Петропавл қаласының тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.