homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Украина АҚШ әзірлеген бейбіт жоспарды алғанын растады

21.11.2025, 09:06

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ әкімшілігі ұсынған соғысты тоқтату жоспарының жобасын алғанын мәлімдеді. Ол құжатты АҚШ президенті Дональд Трамппен талқылауға дайын екенін жазды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Вашингтон жолдаған ұсыныстар туралы:

«Америкалық тарап соғысты аяқтауға бағытталған өз ұсыныстарын, жоспардың тармақтарын, яғни олардың көзқарасын ұсынды. Біздің соғыс басталған күннен бастап бір ғана қарапайым ұстанымымыз бар. Украинаға бейбітшілік керек. Бұл еліміздің тәуелсіздігіне, егемендігіне және халқымыздың абыройына құрметпен қарайтын шарттардан тұратын лайықты бейбітшілік», – деді Зеленский

Ол дәл осындай шарттар орындалуы тиіс екенін атап өтті және Украина билігінің қатаң мәлімдеме жасамайтынын, барлық шешімдер ел мүддесіне сай қабылданатынын айтты.