homepage
Фото: inbusiness.kz

Қазақстан мен Қытай Транскаспий дәлізін күшейтуге бағытталған жаңа келісімдерге қол қойды

20.11.2025, 15:29

«Қытай – Еуропа» форумы аясында Қазақстан темір жолы Қытай серіктестерімен бірнеше маңызды құжатқа қол қойды. Келісімдер Транскаспий дәлізі арқылы жүк тасымалын ұлғайту және Қытай–Еуропа бағытының тиімділігін арттыруға бағытталған деп хабарлайды Juzmedia.kz.

KTZ Express пен Қытайдың YXE Trading Service Group арасындағы меморандум Қытай–Еуропа бағытында қызмет көрсетуді біріздендіріп, Транскаспий дәлізінің өткізу қабілетін күшейтуді көздейді. Сонымен қатар Қазақстан, Әзербайжан, Грузия темір жолдары және қытайлық компаниялар осы халықаралық маршрутты бірлесіп дамыту бастамасын қолдап, арнайы құжатқа қол қойған. Бұл контейнерлік пойыздардың жылдам әрі тұрақты жүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Форумда ҚТЖ China Development Bank және China Exim Bank қаржы институттарымен де меморандум жасасты. Бұл келісімдер алдағы жылдары жаңа логистикалық жобаларды қаржыландыруға жол ашады.