«Ақтөбенің» футбол клубының жаңа иесі Qazaq Stroy компаниясының негізін қалаған кәсіпкер Нұрлан Артықбаев болмақ. Клубтың баланстық құны 200 миллион теңге деп көрсетілген деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Актөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, клубты жекешелендіру — президенттің тікелей тапсырмасы. Бюджеттен қаржы бөлінбейді, ал ауқатты азаматтар клубтың дамуына жауапкершілік алып, өз қаражатын салуы тиіс. Осы бағытқа қызығушылық танытқан кәсіпкер клубты басқаруға дайын екенін білдірген.
Әкімдіктің мәліметінше, құжат рәсімдеу бір-екі айда толық аяқталады. Клубтың алдағы дамуы мен қанша қаражат жұмсалатыны туралы ақпаратты жаңа иесі мен оның командасы жариялайды.