Қазақстан билігі әлемдегі ең беделді техникалық оқу орындарының бірі — Massachusetts Institute of Technology (MIT) серіктестігімен жаңа жасанды интеллект университетін ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады деп жазады Juzmedia.kz.
Министрдің айтуынша, MIT-пен келіссөздер басталған. Ол америкалық жоғары білім саласында мемлекеттік қаржыландырудың қысқаруы мен алпауыт университеттерге түсіп жатқан қысым шетелдік жаңа нарықтарға қызығушылықты арттырғанын айтты. Осы жағдайда Қазақстанда жасанды интеллектке бағытталған университет ашу туралы президент тапсырмасының MIT-пен ықтимал серіктестікке жол ашқанын жеткізді.
MIT — 1861 жылы құрылған, инженерия, ақпараттық технология, жасанды интеллект және экономика саласы бойынша әлемдік көшбасшы саналатын оқу орны. Егер жоба жүзеге асса, Қазақстан өңірдегі жасанды интеллект білімінің ірі орталығына айналуы мүмкін.