Axios анонимді дереккөздерге сүйене отырып, Вашингтон Киев пен Мәскеу арасындағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған 28 тармақтан тұратын жаңа құжат дайындап жатқанын хабарлады. Онда бейбітшілік шарты, қауіпсіздік кепілдіктері және АҚШ-тың Украина мен Ресейге қатысты болашақ саясаты көрсетілген деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Басылымның мәліметінше, жоспар Ресейге Донецк облысын беру мүмкіндігін, сондай-ақ Қырым мен Донбасты Ресей аумағы ретінде тану туралы тармақтарды қамтиды. Құжатта Запорожье мен Херсон бағыттарында майдан шебін бекіту ұсынылғаны айтылады. Сонымен бірге Украина қарулы күштерінің санын екі есеге қысқарту қарастырылды.
Вашингтон өз кезегінде Украина мен Еуропаға қауіпсіздік кепілдіктерін ұсынбақ. Алайда бұл кепілдіктердің нақты мазмұны әзірге жарияланған жоқ.