homepage
Фото: ЖИ арқылы жасалды

Декреттегі әкенің уақыты енді еңбек өтіліне қосылады

19.11.2025, 14:03

Бүгін мәжілісте жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау жайлы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Оған сәйкес бала күтімінде отырған жұмыссыз әкелерге еңбек өтілі есептелетін болды.  Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

"Қазіргі қолданыстағы жүйеге тоқталсақ, егер жұмыссыз ана үш жасқа дейінгі бала күтімімен үйде отырса, бұл кезең оның еңбек өтіліне есептеледі. Алайда, дәл осы құқық әкелерге берілмеген. Біз бұл теңсіздікті жоюды ұсындық. Енді заң қабылданса, егер бала күтіміне әке шықса, бұл кезең оның да еңбек өтіліне қосылады"- деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

Депутаттың сөзінше, бұл – қатар қоғамдағы отбасылық рөлдер мен ата-аналық жауапкершіліктің теңдігін қалыптастыруға бағытталған қадам.