Halyk Bank қосымша акция орналастыруды бастады. Банк иесі – «АЛМЭКС» холдингі акциялардың шамамен 4 пайызын сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Halyk Bank жүргізіп жатқан SPO аясында шамамен 12 миллион жаһандық депозитарлық расписка ұсынылады. Әр расписка 40 акцияға тең. Бұл қадам банк акцияларының өтімділігін арттыруға және бағалы қағаздар айналымын кеңейтуге бағытталды.
«АЛМЭКС» 2019 жылы да осындай шара қабылдады. Ол кезде акциялардың еркін айналымдағы үлесі өсіп, сауда көлемі артқан, ал банктің нарықтық құны 3,5 есеге көбейген. Сарапшылар бұл жолғы SPO да нарыққа оң әсер етуі мүмкін екенін айтады.
Сонымен қатар Halyk Bank екі жыл қатарынан өз акцияларын кері сатып алу бағдарламасын іске асырып келеді. 2024 жылы банк 50 миллион долларлық кері сатып алу жүргізді Банк өкілдерінің сөзінше, мұндай қадамдар бағалы қағаздардың нарықтық құнын қолдауға, капитал құрылымын оңтайландыруға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған. Кері сатып алу бағдарламасы менеджменттің банк бизнесінің тұрақтылығына сенімді екенін көрсететін белгі ретінде қабылданады.
Қазақстан қор биржасының мәліметінше, Halyk Bank-тің нарықтық капитализациясы 7,2 миллиард АҚШ долларына жуық. Басты акционер – «АЛМЭКС» холдингі (69,52 пайыз). Ал Bank of New York 28,51 пайыз акцияны номиналды түрде ұстап отыр.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.